КГУ "Саумалкольская СШ № 1"
Ресми интернет-ресурс

Қазақстан Республикасының күніне орай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымдары қатарына салтанатты қабылдау!

Previous Next
Қазақстан Республикасының күні қарсаңында Саумалкөл орта мектебінде оқушыларды «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымдарының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.
Бұл айтулы оқиға жас ұрпақ үшін маңызды қадам болды. Ол балалардың өз елінің лайықты азаматы болуға, Отанын сүюге, тарихы мен дәстүрлерін құрметтеуге, қоғам өміріне белсенді араласуға деген ұмтылысын білдіреді.
Салтанатты рәсімге қатысқан құрметті қонақтар оқушыларға ұйымдардың айрықша белгілерін табыстап, галстуктарын салтанатты түрде тақты. Бұл белгілер «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымдарына мүшеліктің символы болып табылады.
Іс-шараның құрметті қонақтары:
🔹 Туралинов Мырзабай Шарипович — мектеп директоры;
🔹 Габдуллина Турымтай Султановна — мектеп директорының орынбасары;
🔹 Бубенеева Шолпан Темиркеевна — педагогикалық еңбек ардагері;
🔹 Жахина Ботагоз Ильбрисовна — полиция майоры;
🔹 Жаксылыков Саят Сакенович — мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Саумалколь Сут» ЖШС директоры;
🔹 Спасский Дмитрий — мектебіміздің түлегі, ТМД елдері ойындарының күміс және екі дүркін қола жүлдегері, Азияның күміс және қола жүлдегері;
🔹 Исмаилжанов Умарбек — «Самұрық» мектеп парламентінің және «Жас Ұлан» балалар ұйымының президенті.
Сонымен қатар, осы күні білім беру саласын дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі, көпжылдық адал еңбегі мен кәсібилігі үшін мектеп қызметкерлері марапатталды.
🇰🇿 «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» қатарына қабылдану жас ұрпақтың игі істерге, жаңа жетістіктерге және туған елге деген сүйіспеншілікке толы жарқын жолының бастауы болсын!
Қазақстан Республикасының күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Записаться на прием