Бүгін мектепте Экономикалық тергеу департаментінің өкілдерімен Zoom форматында кездесу өтті. Іс-шараға 8–9 сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға алаяқтықтан қалай сақтану керектігі, цифрлық қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ қауіпсіз сайтты жалған сайттан қалай ажырату жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар сенімді пароль құру және оны дұрыс пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, интернет-дүкендерде жиі қолданылатын айла-тәсілдер мен онлайн сатып алу кезінде алаяқтардың арбауына түспеу жолдары айтылды. Кездесу оқушылар үшін пайдалы әрі танымдық болды.





