Кәсіптік бағдар беру – мектеп жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі, оның мақсаты білім алушылардың әлеуметтік ортаға бейімделуін, тұлғаның кәсіби өз қабілетін анықтау, жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бейімделігіне қарай бағыт беруге мүмкіндік беретін бағдарлау схемаларын қалыптастыру.
Оқушыларды кәсіптік бағдарлау, кәсіптік қабілетін анықтауға,
мамандық таңдауға көмек көрсету мақсатында 6 желтоқсан күні «Саумалкөл №1 ОМ» КММ-де 11 сынып оқушыларының Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің өкілдерімен кездесуі өтті..
Болашақ үміткерлермен кездесу жылы әрі сенімді атмосферада өтті. Университет қызметкерлері өздерінің оқу орындары нақтырақ факультеттер, мамандықтар мен білім беру бағыттары, қабылдау ережелері, құжаттарды тапсыру мерзімдері туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Оқушылар көкейдегі сан сауал сұрақтарын қойып, мамандардан мардымды жауап алды.
Мұндай іс-шара мектеп оқушыларын жоғары оқу орындарына тартуға ықпал етеді, сонымен қатар оқушыларға мекеме туралы толық ақпарат ұсына отырып, саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді.