Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған митинг өтті
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығын мерекелеу қарсаңында Кеңес Одағының Батыры Михаил Егорович Янко атындағы Саумалкөл №1 орта мектебінің мұғалімдері мен түлектеріне арналған Еске алу стеласы жанында салтанатты митинг өтті.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі, педагогтер, еңбек ардагерлері, түлектер, ата-аналар және мектеп оқушылары қатысты. Митингке қатысушылар Отан бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жанқиярлықпен күрескен Ұлы Отан соғысының батырларына тағзым ету үшін Еске алу стеласы жанына жиналды.
Құттықтау сөз сөйлеген мектеп директоры Туралинов Мырзабай Шарипович жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын, соғыс қаһармандарының ерлігін ұмытпай, тарихи жадыны сақтаудың қажеттілігін атап өтіп, бейбіт өмір сыйлаған жеңімпаз ұрпаққа алғысын білдірді.
Іс-шараның ерекше әсерлі сәті – Еске алу стеласына гүл шоқтарын қою рәсімі болды. Жиналғандар метроном үнімен мектеп мұғалімдері мен түлектерін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Митинг Отан қорғаушылардың ерлігі мен батырлығы туралы естелік болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталатыны жайлы сөздермен аяқталды.





