Мектебімізде «Білімім - Отаныма» атты 2025-2026 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиыны өтті 
Мерекелік шарада мектеп директоры Мырзабай Шәріпұлы Туралинов, аудандық мәслихат төрайымы Гульмира Армиевна Абулкаирова және педагогика саласының ардагері Галина Ильинична Кутикова түлектерге жүрекжарды тілектерін арнады.
Салтанатты жиында оқу, спорт және қоғамдық өмірде белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, түлектер әсем вальс биледі 

Барша түлектерге алдағы емтихандарға сәттілік, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз!





