Өтіп жатқан «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Заң менің өзімнен басталады» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шара құқықтық бағыттағы «Адал Ұрпақ” клубының қатысуымен акция форматында ұйымдастырылды. Акция барысында клуб мүшелері оқушылар арасында жадынамалар таратып, заң нормалары, құқықтар мен міндеттер туралы құқықтық ақпарат берді.
Аталған іс-шара оқушылардың өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауына және заңға құрметін қалыптастыруға бағытталған.





