с
Жас полиция көмекшілері жаман әдеттер адамның денсаулығы мен өміріне қалай теріс әсер ететінін түсіндірді. Командалар сұрақтарға жауап берді, салауатты күн кестесін құрды, жаман әдеттердің зияны туралы егжей-тегжейлі айтылған мазмұнды бейнеролик көрді, командалар тек салауатты өмір салтын ұстанатын суперқаһарманын суреттеді және таныстырды, сонымен қатар рөлдік ойындар ойнады.
Кездесу соңында оқушылар жаман әдеттерден аулақ болу және салауатты өмір салтын ұстану үшін қандай қадамдар жасауға болатынын талқылады. Кейін командалар ақпараттық сағатқа белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды.