КГУ "Саумалкольская СШ № 1"
Официальный интернет-ресурс

25 ақпанда Айыртау ауданының полиция бөлімінде мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өткізілді.

Previous Next

25 ақпанда Айыртау ауданының полиция бөлімінде мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өткізілді. Осы іс-шара аясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды, кездесу барысында Айыртау ауданы ББ бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.М. Ташев қызметкерлер жұмысының ерекшеліктері туралы айтып берді. Арнайы құралдар мен қару-жарақ үлгілері балалардың қызығушылығын тудырды. Ұлдар мен қыздар полицияның құрал-жабдықтарын көріп қана қоймай, олардың көмегімен қылмыстар ашылып, қылмыскерлер ұсталып, қоғамдық тәртіп сақталатындығын ұғынды.

Кездесу кинолог С.М. Блощицынның сөз сөйлеуімен аяқталды, ол білім алушыларды Коди есімді ең басты көмекші - төрт аяқты досымен таныстырды.
Экскурсия қызықты әрі мазмұнды болды. Оқушылар болашақ өмірге жаратар үлкен тәжірибе мен білім алды.
Записаться на прием