«Саумалкөл №1 орта мектебі» КММ-де «Блокадный дневник» ерлікке тәрбиелеу сағаты өтті кітапханашы балаларға қоршаудағы Ленинград қаласының тұрғындарының үлесіне түскен ауыр сынақтар туралы: аштық пен суық туралы, зауыттарда жұмыс істеген балалар мен әйелдер туралы, Ленинградтық оқушы Таня Савичеваның күнделігіндегі жазбалар туралы айтып берді. Оның күнделігі Ұлы Отан соғысының символдарының біріне айналды. Қаланың жас тұрғындарының басты ерлігі мектепте оқу болды. Оқушылардың назарына «900 дней стойкости и мужества» атты кітап көрмесі ұсынылды. Балалар А. Чаковскийдің "Блокада", В. Ардаматтың «Ленинградская зима», Д.Граниннің, О. Берггольцтың шығармаларынан Ленинград тұрғындарының батырлығы мен төзімділігі, Ладога көлі арқылы құтқарушы "өмір жолдары" салынғаны туралы білді. Ленинград блокадасы тарихтағы ең қаһарман беттерінің бірі болып сақталмақ, ол әрқашан рухтың мызғымас күші мен жеңіске деген ерік-жігердің бейнесі болып қала бермек.