КГУ "Саумалкольская СШ № 1"
Официальный интернет-ресурс

27 қаңтарда кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында біздің мектептің 10-11 сынып оқушылары мектебіміздің 2021 жылғы түлегі, қазіргі уақытта Петропавл қаласы Ұлттық ұлан академиясының 4 курс курсанты Арап Аянмен кездесті.

Previous Next

Ол өзінің оқу орнын таныстырып, курсанттардың академияда алатын мамандықтары, оқуға түсу және оқу ерекшеліктері, стипендия, мансаптық перспективалар мен әскери білім алудың артықшылықтары, сондай-ақ болашақ офицерлердің қызықты өмірі туралы айтты.

Әңгіме соңында оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, тиісінше толық жауаптар алды, кезекті сұрақтардың біріне курсант өз таңдауына еш өкінбейтінін және қазіргі түлектерге мамандықтың қажеттілігіне, осы саладағы мамандардың сұранысына және мансаптық өсу перспективаларына, тағы да қаржылық тұрақтылыққа назар аударуды ұсынатынын айта, жауап берді.
Записаться на прием