Сынып сағаты барысында оқушылар «Сыбайлас жемқорлық»
ұғымының анықтамасын, сыбайлас жемқорлықтың себептерін, түрлерін ашатын презентацияны тамашалады, сыбайлас жемқорлық проблемасымен, оның қоғам мен жеке тұлға үшін салдарымен танысты, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс көзқарас қалыптастырды. «Параморфоз», «пара, делдал» терминдерінің мағынасы түсіндірілді. «Адамдар неге пара береді?». Оқушылардың алдына жағдаяттар қойылып, нәтижелері талқыланды, Білім алушылар сыбайлас жемқорлық қылмыстарының әрбір қатысушысының жауапкершілігі туралы айтып, түсініктеме берді.
Сынып сағатының негізгі мақсаты оқушылардың назарын олардың әрқайсысы заңдар мен ережелерді сақтай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлес қоса алатындығына аудару болды.