Оқушылар елімізде қабылданған Бала құқықтары туралы конвенция жайлы әңгімелесті, «Рұқсат етіледі – тыйым салынады» ойынын қуана ойнады. Әсіресе балаларға «Әдеби кейіпкерлердің құқықтары» әдеби-құқықтық викторинасы ұнады. Ертегі кейіпкерлерін мысалға алу арқылы мінез-құлық ережелері құқықтық тұрғыдан түсіндірілді, құқықтық сауаттылыққа оқыту жүргізілді.
Екінші сынып оқушылары өмірге, отбасында тәрбиелеуге қатысты өздерінің негізгі құқықтары туралы білімдерін бекітті және міндетсіз құқық, құқықсыз міндет жоқ екенін түсінді.