Салтанатты шарада білім алушыларға «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» галстуктары тағылып, төсбелгілері табысталды. «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына кіре отырып, оқушылар өз елінің патриоты болуға, елдің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге және туған жерін сүюге салтанатты түрде ант берді.
Шара барысында мектеп директоры М.Ш. Туралинов сөз сөйлеп, оқушыларды бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдануымен құттықтады.
Қабылдау рәсімі концерттік бағдарламамен жалғасты.
Оқушылар үшін бұл ұйым болашақта үлкен серпін бермек. Бұл балалар үшін ересек өмірге деген бір қадам. Білім алушылар түрлі іс-шараларға қатысып, өз өмірлері мен қатар мектеп өмірін жандандырмақ.
Біз жасұландықтарды салтанатты да маңызды оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз және мектептің қоғамдық өмірінде толағай табыс тілейміз.
В преддверии Дня Независимости Республики Казахстан 13 декабря в КГУ «ССШ №1» состоялось торжественное посвящение в ряды республиканской детско-юношеской организации «Жас Ұлан» и «Жас Қыран», в котором приняли участие 74 учащихся, из них 48 учащихся первых классов и 26 учащихся пятых классов.