КГУ "Саумалкольская СШ № 1"
Официальный интернет-ресурс

Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «№1 Саумалкөл орта мектебі» КММ-де кітапхана оқырмандарының арасында «Ұлы дала жыршысы» атты ауызша журналы өткізілді.

Previous Next

 Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, Ілияс Есенберлиннің қазақ халқының тарихы туралы өзекті шығармалары туралы айтып берді. Ілияс Есенберлинге дейін қазақ әдебиетінде халық тарихы туралы кітаптар болмағаны атап өтілді. Моңғол дәуіріне дейінгі Шыңғыс хан мен Алтын Орда дәуірінің ұлы даласының көшпенділері, қазақ хандығының XV-XVI ғасырларда қалыптасуы, Қазақ даласының Ресейге қосылу кезеңі жайлы мәліметтер тауып,оқу мүмкін болмады. Іс-шараның басты мақсаты Ілияс.Есенберлиннің шығармаларына қызығушылықты қалыптастыру және оларды оқуға ықпал ету болды. Іс-шара кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.

Записаться на прием