Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі тапсырманы орындау шеңберінде 2025 жылғы 27 қыркүйекте " Саумалкөл №1 орта мектебі" КММ оқушылардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру сұхбаты өткізілді.
Іс-шараға педагог-психолог, мектептің әлеуметтік педагогы, сондай-ақ медицина қызметкері қатысты. Кездесу барысында ата-аналарға келесі мәселелер бойынша ақпарат ұсынылды:
* Дәрілік заттарды үй жағдайында қауіпсіз сақтау және жою қағидаттары;
* Дәрігердің тағайындауынсыз балаларға дәрі-дәрмектерді өз бетінше беруге жол бермеу;
* Үйдегі алғашқы көмек жинағының құрамын бақылау және балалардың оған еркін қол жеткізуін шектеу;
* Жасөспірімдердің эмоционалдық жайсыздық белгілері;
* Балалардағы өзіне зиян келтіретін мінез-құлық қаупіне күдік туындаған кезде ата-аналардың іс-қимыл алгоритмі.
Ата-аналарға шұғыл көмек көрсететін қолжетімді байланыс арналары да ескертілді:
* 103 – жедел медициналық жәрдем қызметі;
* 112 – бірыңғай құтқару қызметі;
* 111 – балалар мен ата-аналарға арналған республикалық байланыс орталығы (тәулік бойы жұмыс істейді).
Әңгіме құпиялылықты, этикалық нормаларды сақтай отырып және мамандарға сұрақтар қою мүмкіндігімен бетпе-бет форматта өтті. Ата-аналар пайдалы және уақытылы ақпарат алғаны үшін алғыстарын білдірді.
В рамках исполнения поручения по профилактике суицидального поведения среди несовершеннолетних, 27 сентября 2025 года в КГУ «Саумалкольская средняя школа №1» была проведена информационно-разъяснительная беседа с родителями учащихся.
В мероприятии приняли участие педагог-психолог, социальный педагог школы, а также сотрудники Айыртауской районной больницы. В ходе встречи родителям была представлена информация по следующим вопросам:
* Принципы безопасного хранения и утилизации лекарственных средств в домашних условиях;
* Различия между рецептурными и безрецептурными препаратами;
* Недопустимость самостоятельной передачи медикаментов детям без назначения врача;
* Контроль за составом домашней аптечки и ограничение свободного доступа детей к ней;
* Признаки эмоционального неблагополучия у подростков;
* Алгоритм действий родителей при подозрении на риски самоповреждающего поведения у детей.
Также родителям напомнили об актуальных каналах экстренной помощи:
* 103 – скорая медицинская помощь;
* 112 – единая служба спасения;
* 111 – республиканский контакт-центр для детей и родителей (работает круглосуточно).
Беседа прошла в очном формате, с соблюдением конфиденциальности, этических норм и с возможностью задать вопросы специалистам. Родители выразили благодарность за полезную и своевременную информацию.