Бұл іс-шара қызықты экскурсия ғана емес, сонымен қатар білім беру процесінің маңызды бөлігіне айналды.
Ботай мұражайы — ең танымал археологиялық орындардың бірі, мұнда ең алғаш мал шаруашылығымен және құрал-сайман жасаумен айналысатын адамдардың ежелгі қонысының іздері табылған. Біздің оқушылар өлкенің тарихымен танысып, қола дәуіріндегі адамдардың өмірі туралы мағұлмат алды, сондай-ақ ежелгі тұрғындардың өмірі мен мәдениетінің көптеген аспектілерін ашуға көмектескен нағыз артефактілерді — керамикалық бұйымдарды, еңбек құралдарын, жануарлардың қалдықтарын мұражай көрмесінен тамашалады.
Экскурсия тек ақпаратпен ғана емес, сонымен қатар оқушыларға археологтардың қазба жұмыстарын қалай жүргізетінін, тарихты қалпына келтіру үшін қандай зерттеу әдістері қолданылатынын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін тәжірбиелік тапсырмалармен де қамтылды. Сонымен қатар, балалар адамдардың өмірі мыңдаған жылдар арасында қалай өзгергені туралы сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
Мұражайға сапар оқушылар үшін жаратылыстану және тарих жөніндегі білімдерін шыңдауға, сондай-ақ таным көкжиектерін кеңейтуге және өткен дәуірлерді зерттеуге қызығушылықтарын дамытуға тамаша мүмкіндік болды. Ұйымдастырушылар мен мұғалімдерге осы құнды тәжірибе үшін алғыс айтамыз!