КГУ "Саумалкольская СШ № 1"
Официальный интернет-ресурс

Жұқа мұздың қауіптілігі - ол кенеттен және адамның астында бірден сынуы мүмкін.

Previous Next
 Сондықтан су қоймасының бір кішкене бөлігінде көптеген адамдардың жиналуы өте қауіпті. Мұзда жүгіруге, секіруге немесе жылжымалы ойындар ойнауға болмайды.
Мұз балаларға да ерекше қауіп төндіреді. Ересектердің қарауынсыз олар коньки тебеді, су айдындарында хоккей ойнайды, қауіпсіздік шараларын ұмытады. Мұндай абайсыздық қайғылы жағдайға айналуы мүмкін.
Осыған байланысты, "Балалардың қауіпсіздігі" айлығы аясында ЖҚЖИ мүшелері білім алушыларға мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ақпараттық парақшалар мен жадынамалар таратты. Парақшаларда қауіпсіздіктің негізгі ережелері, атап айтқанда – "Мен мүмкін емес екенін білемін", мұздағы тәртіп ережелері және қысқы кезеңдегі су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары айқын бейнеленген, сондай-ақ мектеп фойесінде өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері бар ақпараттық тақта рәсімделген.
Записаться на прием